Астанадағы №1 көпбейінді қалалық аурухананың комбустиология бөлімінің меңгерушісі Павел Кутняков БАҚ өкілдерімен тілдесіп, зардап шеккен өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қазіргі жағдайын айтып берді.
«Бірден айтайын, науқастың жағдайы өте ауыр. Өйткені, денесінің 80 пайызы күйген. Беті сау, ішінің терісі сау, аяғы күймеген. Саны күйген. Өрт сөндіруші жанып жатқан пәтерге кіргенде маска тақты ма, жоқ па, білмеймін, бірақ маған жеткен ақпаратқа сәйкес, ол адамдарды құтқару үшін шешінген дейді. Жалындаған оттың ішінде оның тыныс алу жолына ыстық ауа түскен. Яғни, былайша айтсақ, денесінің сыртын күйдірген от оның аузын, тамағын, тыныс алу жолын, өңешін, өкпесін күйдірген», – дейді дәрігер.
Қазір оның өкпесі демалсын деп дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Ағзасы аппаратқа қарсылық танытпасын деп дәрімен ұйықтатып қойған.
Сондай-ақ қазір Асқар Забикулинге қосымша үшінші бүйрек салынған.