Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді
Фото: elbasy.kz
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді. Назарбаев Астана операдағы №393 сайлау учаскесіне келді. 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Қазақстандықтар 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 10 101. Республика бойынша 86 учаске сағат 06.00-де ашылады. Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам. 20 қараша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюллетень алды.