Сайлау заңға сәйкес, транспарентті түрде өтіп жатыр – грузиялық сарапшы
Сайлау заңға сәйкес, транспарентті түрде өтіп жатыр – грузиялық сарапшы
300
оқылды
Халықаралық Кавказ университетінің профессоры, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы,  Вахтанг Маисая бүгінгі сайлауда 20-дан астам учаскені аралап шықпақ.
«Таңертеңнен бері 18 сайлау учаскесінде болдым, осы брифингіден кейін тағы бірнеше учаскеге барып, жалпы жиыны 20-дан астам учаскені араласам деп отырмын. Біздің ұйым өте дәйекті сауалнама әзірлеген болатын. Оның ішінде өте өткір сұрақтар да болды. Сол сауалнамадағы сұрақтарды учаскелер мен комиссия төрағаларының бәріне қойып көрдім. Тіпті учаскедегі байқаушыларға да қойдым. Негізінен бүкіл байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар да бірдей пікір білдіріп, ешқандай шағым болмағанын айтты», – деді сарапшы.
Дегенмен байқаушы техникалық сипаттағы бірер сәт есінде қалғанын айтты.
«Техникалық тұрғыдан кейбір сәттер болды. Оның өзі қалыпты дүниелер. Кей учаскелерде санаулы минут кезек пайда болды. Менің ойымша, мұны түсінуге болады. Өйткені бұл сайлауға деген халықтың қызығушылығы жоғары. Мен болған 18 учаскеде ұйымдастыру жағынан ешбір қателік немесе қандай да бір саяси кемшілік байқалған жоқ. Бәрі заң аясында, транспаренттілік арнасында өтіп жатыр», – деді халықаралық байқаушы.