Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі анасының 90 жасқа толған мерейтойын жақындарымен бірге атап өткен. Әнші отбасындағы қуанышты сәттегі бейнежазбаларды әлеуметтік желіде жариялап, анасына тілегін жеткізді.
«15 қараша — біздің анамыздың туған күні. Арамызда болғаныңызға Аллаға мың шүкірлер, ғасыр тойыңызды көрсек арман жоқ. Алла қолдасын, анашым!» — деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап, анасына ұзақ өмір тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
