Түркияда зымыран соққысы салдарынан 3 адам қаза тапты
Түркияда зымыран соққысы салдарынан 3 адам қаза тапты
238
оқылды
YPG лаңкестері (КЖП-ның сириялық қанаты –ред. Анадолы) Түркияның оңтүстігін зымыранмен атқылады, - деп хабарлады Анадолы агенттігі. Газиантеп провинциясымен шекаралас жатқан Қарқамыс ауданына Сирияның солтүстігінен зымыран атылған. Газиантеп губернаторы Давут Гүлдің хабарлауынша, содырлар Қарқамыс ауданына жалпы саны 5 зымыран тастаған. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам жараланған. Қазір ауданда жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыс лицейлердің бірінің ғимаратында болған. Сондай-ақ екі тұрғын үйге және Қарқамыс бекетінің маңындағы жүк көлігіне де снарядтар түскен.