Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингіне енді
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингіне енді
494
оқылды
World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound), әлемдегі ең үздік 50 боксшының рейтингін жариялады, – деп хабарлады Sports.kz сайты. Біраз бұрын WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғаш рет тізімге енді. Ол рейтингте 49-орында тұр. Ал IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-орында. Рейтингте украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Ал 2-орында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.