ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді.
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Сайлау туралы» конституциялық заңдарға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының қаулысын қабылдау қажет», – деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
«Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады», – деді ол.