Мектеп ішіндегі дәретханаға комиссия келгенде барасыңдар деді – оқушы
Мектеп ішіндегі дәретханаға комиссия келгенде барасыңдар деді – оқушы
1,097
оқылды
Түркістан облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы №49 мектептің оқушылары әлі даладағы дәретханаға барып жүр. Бұл туралы "Бірінші Еуразия" арнасының репортажында көрсетілген. Ондағы бейнежазбадан оқушылардың даладағы дәретханаға кіріп-шығып жүргенін көруге болады.
"Бала үшін ең қауіпсіз жер мектеп деп ойлаймыз. Бірақ 2019 жылы тараздық 12 жасар оқушы даладағы дәретханада зорланғанын білесіздер. Содан бері 3 жыл өтті. Оқу-ағарту министрлігі әлі дәретханаларды ішке кіргізіп болмай жатыр. 2020 жылы үлгермеген Аймағамбетов 2021 жылы, яғни былтырғы бірінші қыркүйекке дейін шешеміз деп уәде етті. Бірақ  түркістандық оқушылар әлі дәретханаға далаға шығып жүр", – деп жазды телеканалдың тілшісі. 
Ал оқушылардың бірін әңгімеге тартқан тілшіге ол барлық шындықты жайып салыпты.
"Мектептің ішінде де дәретхана бар. Бірақ оған кіргізбейді. Комиссия келгенде кіресіңдер дейді", – деген оқушы.