Негрдің қыздарынан аумайды – Мәдина Сәдуақасова жаңа стилін көрсетті
Негрдің қыздарынан аумайды – Мәдина Сәдуақасова жаңа стилін көрсетті
1,225
оқылды
Танымал қазақстандық әнші әрі тележүргізуші Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері экстравагантты образдары мен жарқын клиптерімен жанкүйерлерін таңғалдыруды тоқтатқан емес. Бұл жолы ол «қара пантераның» бейнесіне еніп көрді. Сәдуақасова қалаған нәтижеге жету үшін сұлулық салонында сағаттап отыруға мәжбүр болған сыңайлы. Поп-жұлдыз Instagram желісіндегі жанкүйерлеріне бүкіл сұлулық процесін көрсетті.
"Қанша уақыт кетті деп ойлайсыз осы образды жасау үшін? Қызылорданың қара пантерасынан 5 мың лайк болсын", – деп жазды ол Instagram парақшасына.
Алайда Мәдинаның бұл әрекетін еріккендікке балағандар көп. Жазылушыларының дені оны сынға алып, қатты-қатты айтып тастаған.
"Кемпір болыпсың ғой және жас қыз сияқты болғың келеді. Қанша жерден бояна бер, бәрібір", "Қандай жаман макияж? Тура негрдің қыздарынан аумайды", "Ерігіп жүрсіз бе? Ненің азабы екен уақыт кетіріп түріңізді быт-шыт етіп? Страшный образ...", "Айналайын-ау, қартайдың ғой, не болса соны жасайсың, жараспайды. Жас емессің ғой", – деп жазған әншінің оқырмандары.