Тоқаев Арменияға жұмыс сапарымен барды
Тоқаев Арменияға жұмыс сапарымен барды
270
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереван қаласына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның алдын ала бекітілген жұмыс жоспарына сай өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады», – делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.
ҰҚШҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қарашада Ереванда халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен Ұйымның сессияаралық кезеңдегі қызметінің негізгі нәтижелері талқыланады. ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Армения Республикасына көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылау маңызды мәселелердің бірі болмақ. Іс-шараға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады делініп отыр. Отырысқа ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. ХҚКО отырысы барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр. 2022-2023 жылдары ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Беларуське берілгендігі ескеріле отырып, Александр Лукашенко елдердің келер жылы жүзеге асырылатын басымдықтарын таныстырады.