Таразда «Қазфосфаттың» 200 қызметкері наразылыққа шықты: дөрекі сөйлеген басқарма басшысы жұмысынан босатылды
Таразда «Қазфосфаттың» 200 қызметкері наразылыққа шықты: дөрекі сөйлеген басқарма басшысы жұмысынан босатылды
© azattyq-ruhy.kz
823
оқылды
Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» зауытында болған келеңсіздіктен кейін кәсіпорындағы басқарма басшысы жұмысынан босатылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады.   Бүгін сағат 11:40 шамасында «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлері арасында түсінбеушілік туындады. Зауыттың бір топ жұмысшысы кәсіпорынның әкімшілік ғимаратының алдына жиналып, ресейлік мамандарға қатысты наразылығын білдірді.
«Қазфосфат»ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды. Жиналған қызметкерлердің саны 200-ді құрады», – делінген хабарламада.
Осы оқиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топтың құрылғаны белгілі болды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.