Біз, байғұс, бір байға жарымай жүрміз - Мақпал Жүнісіова
Біз, байғұс, бір байға жарымай жүрміз - Мақпал Жүнісіова
1,674
оқылды
Белгілі эстрада жұлдызы, қазақтың маңдайына біткен жезтаңдай әнші Мақпал Жүнісіова әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деді. Ол Шырайлы Шымкентте өткен әнші Құрманайжанның концертінде біраз әңгіме айтқанын жеткізеді оқырмандарына. Әрі "Артық айтсам кешіріңіздер, бірақ бәрі шындық", деп тағы жан сырын ақтарады. Ол желіге жүктеген бейнежазбасында уақыт өтіп бара жатқанын, бәрінің өз орнымен, уақытымен болғаны жақсы екенін айтады.
"Мынау гүлдерді үйге апарып, мен сияқты шелектерге салып қоярсың. Себебі, осынша көп база да жоқ шығар. Мен кейде шопырларға беремін, күзетшілердің қатындарына беремін, бәрін гүлмен көмкеремін. "Әй, қанша қатындарың бар еді, апарып беріңдер" деп соларға таратамын. Қазір еркектерге жақсы болды ғой, 4-5 әйел ала береді. Біз, байғұс, бір байға жарымай жүрміз, иә! Шын ғой, енді, құрысын! Зәкеңнің жүгі (Заманбек Нұрқаділов - ред) ауыр ғой, біреуге қарайын десең, ана жақтан келіп, "Ей, қайда бара жатырсың?!" деп айтатын сиряқты. "Біссміллә, біссміллә" деп кері қайтамыз біреу жақындай бастаса болды", деп ағынан жарылды әнші күліп.
Әншінің қалжыңына қатысты оқырмандары да көптеген пікір қалдырған.
"Артық ештеңесі жоқ ,Мақпал апай, сіз де ет пен сүйектен жаралғансыз ғой .Әрі әзіл әрі шындық. Алла тіл-көзден сақтап, тек жақсылық нәсіп етсін", "Күлкіңіздің өзі бөлек қой. Деніңіз сау болсын. Бақытты, ақ жаулықты әже болыңыз!", "Қайран, ақ көңіл замандасым! Ешқандай да оқасы жоқ, сол кеште мен де болдым, әзіліңіз өзіңізге жарасып тұр. Көңілімізді көтерідңіз, біз де күлдік. Аман болыңыз, осындай керемет әзілдеріңізбен, әндеріңізбен халықтың ортасында еркелеп жүре беріңіз!" деп жазады көпшілік.