ШҚО-да аязға байланысты кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды
ШҚО-да аязға байланысты кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды
276
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалаларында кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аяз салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады. Алтай қаласында 29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4-сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді. Риддерде   ауа райы –26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9-сыныптары қашықтан оқытылады.