Қол астындағыларды 1,5 сағат бойы балағаттады делінген әкімнің үстінен қызметтік тергеу басталды

Қол астындағыларды 1,5 сағат бойы балағаттады делінген әкімнің үстінен қызметтік тергеу басталды
© inform.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың үстінен қызметтік тергеу бастады. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның қол астындағыларды балағаттаған аудиосы тараған болатын.

Бұл жайында агенттіктің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу барысында 23 қараша күні бірқатар әлеуметтік желілерде (Instagram, Telegram, TikTok) Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың төрағалығымен өткен мәжілістің аудиожазбасы анықталды. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдеп бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы негізінде тиісті шешім қабылданады», – деп жазылған агенттіктің мәліметінде.

Желідегі мәліметтерге қарағанда, оқиға биыл наурыз кезінде болған. Ал аудио желіде бірер күн бұрын ғана тарады.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.