ТЖД астаналықтарға үндеу жасады
ТЖД астаналықтарға үндеу жасады
396
оқылды
Ауа райының күрт нашарлауына – бұрқасын, қалың қар, тұман және ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарына қала сыртына шығудан бас тартып, сақ болуды болуды ұсынады.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ, тұман болжанды.
"Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. 26 және 27 қарашада ауа температурасы төмендейді, күндіз -22...-24°С, түнде -30...-32° болады, – деп хабарлады Қазгидромет.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қарлы боран кезінде қалай әрекет ету керек екенін еске салды. Егер ғимаратта болсаңыз: Ғимараттан тек қажет болған жағдайда шығыңыз. Қажет болса, отбасы мүшелеріне немесе көршілеріңізге қайда баратыныңызды және қай уақытта келетініңізді айтыңыз. Жалғыз шықпауға тырысыңыз.