Ынтымақтастық аясы кеңи береді
Ынтымақтастық аясы кеңи береді
417
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңір­ара­­лық ынтымақтастық форумына қатысты. Форумға облыстардың бас­шы­лары, салалық мемлекеттік ор­ган­дар мен екі ел іскер топтарының өкіл­дері қатысты. Президент бейнебайланыс ре­жи­мінде өткен жиында барлық шек­теуді алу және сауда саласында өзара тиімді жағдай жасау елдері­міз­дің сапалы экономикалық өсі­мі­не жол ашатынын атап өтті.
– Өткен айда біз елдеріміз үшін атау­лы дата – дипломатиялық қа­ты­настардың орнағанына 30 жыл тол­ға­нын атап өттік. Осы уақыт ішін­де екі мемлекет достық пен та­ту көршілік қатынастарға не­гіз­делген өзара тиімді стратегиялық серік­тестік орната алды. Елдеріміз ара­сында сенімді және конс­трук­тивті диалог орнап, ынтымақ­тас­тық­тың жоғары деңгейіне қол жет­­­кізілді. Біз халықаралық ұйым­дар мен интеграциялық бірлес­тік­тер (БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және АӨСШК) ая­сын­да өзара белсенді әрекет етеміз. Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуге және бүкіл Еуразияның жаһан­дық саясат пен эконо­ми­ка­да­ғы рөлін арттыруға елеулі үлес қо­сады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының ай­туын­ша, екі ел арасындағы эконо­ми­калық қатынастар жылдан- жыл­ға күшейіп келеді. Өзара тауар ай­налымы тұрақты түрде өсіп келе жа­тыр. Бірлескен жобалар іске асы­рылып, өзара есеп айырысу ба­ғы­тында ұлттық валюталардың үле­сі ұлғая түсті.
– Былтыр Қазақстан мен Ресей ара­сындағы сауда көлемі жаңа ре­корд­тық деңгейге – 24,5 миллиард долларға жетті. Биыл алғашқы 9 ай­дың қорытындысы бойынша тауар айналымының көрсеткіші 5 пайызға өсті. Ресейге шығары­ла­тын қазақстандық экспорттың ас­сортименті жақсарды. Оның құ­ны 100 мың доллардан асады. Өт­кен жылмен салыстырғанда тауар атауларының саны 640-тан 1 050-ге дейін көбейді. Алматыдан Ресей өңірлеріне тауар жеткізу 2,5 есе­ден астам, ал Астанадан – 5 есе өсті. Шекаралас облыстар ара­сын­дағы сауда-саттық айтарлықтай жан­данды. Мысалы, Ресейге Ақтө­бе облысынан тауар жеткізу 48 пайызға, Павлодар облысынан 36 пайызға артты, – деді Президент.
Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев елі­мізде Ресейдің үлесі бар 17 мыңнан астам компания мен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны та­бысты жұмыс істеп жатқанын жет­кізді.
– Қазақстанға құйылған Ресей инвестициясы жылдан-жылға артып келеді. Ресейлік инвес­тиция­ның қауіпсіздігін қамтама­сыз етіп, экономикамызға барын­ша көптеп тарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл – елдеріміз арасында тиімді өзара іс-әрекеттің жолға қойылғанын дәлелдейтін тағы бір дерек. Осы орайда, былтыр Ресейден Қазақ­станға тартылған тікелей инвес­тиция пандемияға дейінгі деңгей­ден жоғары болды. Атап айтқанда, үштен бір еседен астам көрсет­кішке жетіп, 1,9 миллиард доллар­дан асты. Сондай-ақ Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы да 34 пайызға артып, 535 миллион долларға жетті. Бұдан бөлек, елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі күшейтуге әлеуетіміз жеткілікті. Кооперациялық ынтымақтас­тыққа ерекше қызығушылық танытып отырмыз. Бүгінде бұл сала бойынша Қазақстан мен Ресей арасында жалпы құны 23 миллиард доллар болатын 110 бірлескен жоба жүзеге асырылып, 30 мың­ға жуық жұмыс орны ашылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы логис­тикалық желілерді жаң­ғыртуды жеделдетуге шақырды. Оның пікірінше, сауда мен экономика салаларында жаңа өсім көздерін қарастыруға уақтылы қабылданған батыл шешімдер ғана септігін тигізеді. Осылайша, Қазақстанның шекаралас өңірлерінде өнімді өткізудің заманауи және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру үшін бүкіл Еуразия кеңістігіне арналған сауда хабтары жүйесі құрылып жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін бірлескен күш-жігерді мына­дай салаларға жұмылдыруды ұсынды.
– Бірінші. Трансшекаралық және өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның қызметін күшейту қажет. Өңір­аралық ынтымақтастық бағдар­ламаларын үйлестіру және іске асыру – аталған комиссияның негізгі міндеттерінің бірі. Екінші. Шекара инфрақұрылымын жақ­сар­туға, Қазақстан мен Ресей ара­сындағы шекара пункттерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуге ерек­ше назар аудару қажет. Бұл жұ­мыс­ты салынып жатқан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Солтүстік – Оңтүстік» транс­ұлттық дәліз­дерін ескере отырып, жүзеге асыру керек деп есептейміз. Бұл бағыт­тарды ЕЭО қызметімен ұштастыру қажет. Үшінші. Қазақстан тұрақты сауда-инвес­тиция қатынастарын дамытуға мүдделі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан мен Ресей­дің шекаралас аумақтарында автомобиль жолдарын салуды, ло­гистикалық хабтар мен эко­номи­ка­лық аймақтар құруды, сон­дай-ақ жоғары дәрежелі қайта жасала­тын өнім өндіру саласын­дағы ын­тымақтастықты кеңей­туді ба­сым бағыт ретінде атап өтті. XVIII Өңіраралық ынтымақ­тастық форумынан кейін Қазақ­стан мен Ресей президенттері келіс­сөз жүргізді. Путин Қасым-Жомарт Тоқаев Вла­димир Путинге Қазақстан Пре­зиденті болып қайта сайлануымен құттықтағаны және ізгі тілегі үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жоғары баға берді. Президенттің айтуынша, Қазақ­­стан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстар белсенді дамып келеді.
– Қазақстан үшін Ресей Феде­рациясы негізгі стратегиялық се­рік­тес мемлекет болады және солай болып қала береді. Бізді түрлі саладағы терең қарым-қаты­настар байланыстырады. Сіз Өңір­аралық ынтымақтастық форумы­ның кезекті отырысын меңзедіңіз. Бұл жолы ол Орынборда өтіп жа­тыр. Біздің одан әрі ілгерілеуімізге елеулі негіз бар. Біздің елдеріміз арасындағы сауда көлемі пан­де­мияға байланысты қиындықтарға қарамастан 24,5 миллиард дол­ларға жетті. Ресей капиталының біздің елімізге бағытталуына қат­ысты үлкен жоспарымыз бар. Мен Мемлекет басшысы ретінде және біздің Үкіметіміз өзара тиімді шарт­тар негізінде Ресей капиталы Қазақстанда тұрақты жұмыс істеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Екі ел арасындағы ын­тымақтастықтың даму дең­гейіне көңіліміз толады деуге негіз бар. Сонымен қатар алға ұмтылу керек, дәл осы мақсатпен мен осында ар­найы сапармен келдім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Владимир Путин Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен және Президент қыз­метіне кірісуімен тағы да құттық­тады.
– Ең алдымен, Қасым-Жомарт Кемелұлына шын жүректен ілти­пат білдіремін. Ол Қазақстан Пре­зиденті болып қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы ресми сапарын Ресейге жасады. Мен оны сайлау­дағы сенімді жеңісімен тағы да құттықтағым келеді және елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріндегі ауқымды өзгерістерге қатысты барлық жоспарын жүзеге асыруда сәттілік тілеймін, – деді Ресей басшысы.
Ресей Президенті сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстардың жоғары деңгейі мен ерекше сипатын атап өтті.
– Әрине, Қазақстан Президен­ті­мен жиі кездесіп тұрамыз, жа­қын­да ғана жүздескен болатынбыз. Біз әрқашан әр кездесуімізде өзекті мәселелерді талқылаймыз. Ең алдымен, экономика мәселесін көтереміз. Өйткені бұл – біздің барлық саладағы табыс­тарымыз­дың негізі. Біз оны жоғары бағалаймыз. Жаңа ғана тұрақты түрде өтетін Өңіраралық форумға қатыстық. Онда да біздің әріп­тес­тер айтарлықтай нақты нәтиже­лерге қол жеткізетініне сенімдімін, себебі сауданың дені шекаралас аймақтар арқылы өтеді. Адамдар бір-бірімен араласады, бір-бірінің мүмкіндіктерін жақсы біледі. Біз қазір 2021 жылы тауар айналы­мының өскенін атап өттік. 2022 жылы да тұрақты артып келеді. Сондай-ақ дәстүрлі бағыттарда, жоғары технологиялық салаларда жұмыс істеп жатырмыз, бұл бола­шақ үшін өте маңызды, – деді Владимир Путин.
Қазақстан мен Ресей пре­зи­денттері дәстүрлі түрде өзара сенім мен конструктивті негізде екіжақ­ты серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын айқындады. Өнеркәсіп­тік қатынастар мен көлік-логис­тика саласындағы эко­номикалық іс-әрекеттерді күшей­ту басты мін­дет болып қала береді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Пу­тин дипломатиялық қатынас­тардың 30 жылдығына орай Қазақ­стан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Декла­рацияға қол қойды. Президент Мемлекет басшысы Мәскеуге ресми сапары аясында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары кезінде Александр бағын­дағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қойды.