Жаңа жылдан бастап доллар бағамы күрт көтеріле ме?
Жаңа жылдан бастап доллар бағамы күрт көтеріле ме?
Фото: mobillegends.net
1,048
оқылды
Еуразиялық даму банкінің экономистері зерттеу жүргізіп, 2023 жылы бір АҚШ доллары 486 теңге шамасында болуы мүмкін деп болжап отыр. Inform.kz-тің мәліметінше, бұл туралы банктің 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжамын таныстыру кезінде айтты.
«Теңгенің орташа жылдық бағамы 2023 жылы долларға шаққанда шамамен 486 теңге болуы мүмкін. Бұл, негізінен, мұнай бағасының төмендеуі мен осының салдарынан экспорттан түсетін түсімдердің азаюынан болуы мүмкін. Сондықтан теңге бағамына қатысты өзгеріс байқалады», – деді сарапшы Айгүл Бердіғұлова.
Бұған дейін АҚШ цифрлық долларды қолданысқа енгізетінін жазған болатынбыз.