«Мен барлық ақпаратты айта алмаймын, өйткені мендегі деректер әлі бас кеңсемен келісілген жоқ. Өнімнің көп бөлігі шетелден әкелінді. Бізде тек тоқаштар өндірілген. Сондықтан қазір қайта құру процесі жүріп жатыр. Біз басшылыққа Сауда министрлігінен қандай көмек қажет екенін сұрадық. Техникалық реттеу комитетіне сертификаттауға қалай көмектесе алатынымызды тезірек қарау туралы тапсырма бердім. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр», – деп жауап берді Жұманғарин.Қазір еліміздің үлкен қалаларында орналасқан McDonald's тамақтану орындарының бәрі жабық тұр. Сондай-ақ ведомство басшысы ауқымды желінің елімізде жұмысын тоқтатуына кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамауға алынғанының қатысы жоқ екенін айтты.
М.ХАҚНАЗАР