Мұнан соң Халықаралық жекпе-жек конфедерациясының вице-президенті Усман Дигаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы Айтбай Көшербаев құттықтау сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал, облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының спорт жөніндегі орынбасары Асылжан Жаманқұл ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен даңқты балуан, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың жеделхатын табыстады.
Байрақты бәсекеге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген 200-ге тарта балуан бозкілемде бақтарын сынауда. Турнир Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр. Халықаралық турнир 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы