Әлихан Смайылов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барды
Әлихан Смайылов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барды
484
оқылды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді, деп хабарлайды үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы. Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барды. Сонымен қатар Премьер-Министр жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады. 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды. 28 қараша таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Жалпы айта кетсек, Екібастұз қаласы бойынша жалпы 422,5 шақырым жылу желілері бар. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС балансында 342,3 шақырым, олардың тозу деңгейі 91% құрайды. Екібастұз ЖЭО-да 10 қазандық орналасқан, оның ішінде 5 энергетикалық, 5 су жылыту қазандығы. Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар.