Өткен тәулікте елімізде 167 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 081 адам коронавирустан емделіп жатыр, олардың ішінде 167 науқас стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің денсаулығы өте ауыр, 2 сырқат ӨЖЖ аппаратында жатыр.