«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Жарлықта.
Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде туған.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.
2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
2001 жылы Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
2002 жылдың маусымынан – Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан бас маманы.
2006 жылдың қаңтарынан – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы.
2006 жылдың наурызынан – БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
2007 жылдың қаңтарынан – БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.
2007 жылдың қазанынан – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
2009 жылдың қыркүйегінен – Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
2014 жылдан – ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.
2018-2020 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары.
2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2021 жылдың қаңтар айынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет атқарды.