Пәтер сатып аларда қандай құжаттарға қарау қажет?
Пәтер сатып аларда қандай құжаттарға қарау қажет?
Сурет интернеттен алынды
582
оқылды
        Пәтер сатып алуда асығыстық жасамай, бәрін мұқият тексеріп алған жөн. Біріншіден, пәтер құжаттарының түгел және дұрыс екенін тексеру бесенеден белгілі. Жаңа үйден бұрын қолданыста болған пәтерді сатып аларда мына құжаттарын тексерген абзал: Үйдің сату-сатып алу шарты; Сыйға тарту шарты; Айырбас шарты; Жекешелендіру шарты; Мұрагерлік құқық туралы куәлік; Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты; Жылжымайтын мүлік құқығының тіркелгені жөнінде құжаттар (оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады); Коммуналдық төлем бойынша қарыздың жоқтығын растайтын түбіртек; Жер телімі туралы акт (жер үй болған жағдайда). Сондай-ақ пәтер иесінің салық бойынша қарызының жоқ екеніне көз жеткізу қажет. Мұндай анықтаманы Салық департаментінен алуға болады.