Бағдар – айқын, мақсат – ортақ
Бағдар – айқын, мақсат – ортақ
453
оқылды
Cоңғы 1 жылдың ішінде ау­қымды саяси транс­фор­мацияны бастан өткерген «AMANAT» партиясының жұ­мысында жаңалық көп. Пар­тияның Орталық аппара­тынан басталып, бастауыш партия ұйымдарына дейін жалғасатын бұл ауқымды жұмыстан Шымкент қалалық филиалы да шет қалмайды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтары­мыз­ды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғасты­ғы, ұрпақ сабақтастығы дегені­міз – міне осы. Халқымыз ешқа­шан аманатқа қиянат жасамаған. Пар­тия бұл қағидатты берік ұста­нады», – деген болатын. Осы ба­ғытта бү­гінгі күнге дейін тиісті жұмыс­тарымызды жүйелі жал­ғас­тырып келеміз. Қалалық филиалға қа­расты 5 филиал, 43 бастауыш партия ұйымы, 30 мыңға жуық пар­тия мүшесі қоғамдық-саяси іс-шараларда белсенділік таны­тып келеді. Үшінші мегаполисте партия мүшелерінің қатысуымен жыл ба­сынан бері Мемлекет басшы­сының Жолдаулары мен саяси, әлеу­меттік-экономикалық ре­фор­­маларын тұрғындарға наси­хаттап, әлеуметтік жобалар бо­йын­ша («Ардагерлерді ардақ­тайық», «Кедергісіз келешек», «Ба­қытты отбасы», «Ұлттық мұра», «Жастар Отанға», «Таза­лайық», «Қайсар») – 1 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 15 мыңнан астам азамат қамтылды. Белсенді партия мүшелері мен жақтастардан құралған филиал жанындағы қоғамдық кеңестер де өз қызметін жоғары деңгейде атқарып келеді. 10 айдың ішінде 145 мүшесі бар 9 өңірлік қоғамдық кеңестің 70-ке жуық отырысы өтіп, күн тәртібінде 80-ге жуық мәселе қаралды. Отырыс­тардың күнтәртібіне 7 рет қоғамда қызу пікірталас тудырған мәсе­лелер қойылған. Жергілікті ат­қа­рушы органдарға 46 ұсыныс беріліп, оң шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 5 мау­сымда республикалық ре­фе­рендум өткізу туралы Жарлы­ғы­нан кейін, референдумды қол­дау жөніндегі партия филиалынан қоғамдық штаб құрылды. Рес­публикалық және қалалық штаб мүшелері 50 мың азаматты қам­титын 350-ден астам үгіт насихат шарасын өткізді. Нәтижесінде ел өміріндегі ең маңызды сәтте Шым­кент қаласы тұрғындарының 72,5 пайызы өз таңдауын жасады. Мұндай нәтижеге жетуге партия жанынан құрылған штабтың үлесі зор болды. Кездесулер барысында қала тұрғындары тарапынан 1 700-ден астам ұсыныс пен талап тілек түсті. Ақпараттық пул тобы тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде референдумға келуге шақыруға арналған 5 мыңнан аса материал жарияланды. Қаладағы барлық 311 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының 933 өкілі бекітіліп, референдумның әділ өтуіне үлес қосты. Бүгінгі таңда партияны мо­дернизациялау бағдарламасы бойынша халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру басты міндет. Осы орайда «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасына сай, мәслихаттағы партияның депу­таттық фракция мүшелері тұр­ғындармен жиі кездесулер өткізіп келеді. Бұл тұрғыда жыл басынан бері AMANAT партиясы Шым­кент қалалық филиалының қо­ғам­дық қабылдау бөлмесіне 7 700-ге жуық өтініш түскен. Оның 62 пайызы оң шешімін тауып, 37 пайызына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ара­лықта Мәжіліс және мәс­лихат депутаттары, қала әкімі мен оның орынбасарлары, басқарма бас­шылары, партия белсенділері, адвокат, заңгер және медиаторлар тарапынан 320-дан астам қа­был­дау өткізілген. 1 700-ге жуық өтініш қаралып, 34 пайызының шешімі табылған. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы 10 ба­сымдық пен 149 іс-шараны қам­тиды. Жол картасының 2022 жыл­ға жоспарланған іс-шарала­рына бюджеттен 140,1 млрд теңге қаралған. Биылға жос­парланған 105 іс-шараның 30 пайызы орын­далды. Аталған индикаторлардың орындалуын бақылау мақсатында фракция мүшелері аса жауапкер­шілік танытуда. Қазір жоспар­лан­ған шараның 90 пайызы орын­далады деп межелеп отырмыз. Жыл басынан бері филиалдың партиялық бақылау комис­сия­сының 15 отырысы өткізілді. Онда қаралған мәселе бойынша тиісті органдарға 44 ұсыныс беріліп, 34-інің шешімі табылды. 11 ұсыныстың қаралу мерзімі бар. Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 16 отырысы өткізіліп, мемлекеттік органдарға 37 ұсыныс беріліп, олардың 20-сы орын­далды. Сондай-ақ, қаладағы қоғам­дық-саяси ахуалға зерделеу жұ­мыстарын жүргізу нәтижесінде 10 айдың ішінде 2 300-ден астам азамат қатысқан 110-ға жуық наразылық акциясы мен төтенше жағдай орын алғаны анықталған. Бұдан бөлек, партияның қалалық филиалда соңғы айларда кезектен тыс Президент сайлауына Халық­тық коалиция атынан ұсынылған Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі 96 азаматтан тұратын қалалық қо­ғамдық штаб құрылды. Штаб өз жұмысын жоғары деңгейде жүр­гізгенін атап өту керек. Үміткердің қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұрғындарынан 3 мыңға жуық ұсыныс пен талап-тілек жиналған. Елімізде жуырда ғана өткен ҚР Президентін сайлау қоры­тындысынан партияның бел­сенді жұмысын көруге болады. Республикалық және қалалық қоғамдық штаб тарапынан бір ай бойы жүйелі жұмыстар жүргізілді. Шымкенттік сайлаушылардың науқанға қатысуға қызығу­шы­лы­ғын арттыруға, дұрыс тандау жа­сауға штаб мүшелері ерекше ат­салысты. Президент сайлауы ел­дің үлкен белсенділігі мен жауап­кершілігінің артқанын көрсетті.

Жанар БЕКТАЕВА, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы