Солтүстік Қазақстан облысы әйелдер белсенділігі бойынша көшбасшылар қатарында
Солтүстік Қазақстан облысы әйелдер белсенділігі бойынша көшбасшылар қатарында
«AMANAT» партиясы  Петропавлда «Ел дамуындағы ауыл әйелінің рөлі» тақырыбында форум ұйымдастырды. Форум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының өкілдері де қатысты. Мұндай іс-шара бұған дейін  бірқатар өңірде өткен болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум бағдарламасы әйелдердің сұранысына негізделген. Іс-шараны ұйымдастырар алдында сауалнама жүргізіліп, әйелдер қандай тақырыптарды талқылағысы келетіні және олар үшін не маңызды екені нақтыланды.
«Біз қозғаған бірінші тақырып – әйелдер кәсіпкерлігі және ауыл кәсіпкерлігін дамыту. Бұл өзекті, өйткені отбасы кірісі өте маңызды. Біз сондай-ақ әйелдер денсаулығын сақтау туралы мәселені қозғадық. Бұл да өте көкейкесті мәселе. Егер біз салауатты ұлт пен салауатты қоғамды қалыптастыру туралы айтатын болсақ, онда біз әр әйелдің денсаулығына қамқорлық жасауымыз керек. Біз спикерлерден басқа, қандай мәселе бойынша жұмыс істеу керегін түсіну үшін аймақтардағы әйелдерді тыңдағымыз келеді», –  деді «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығы» РҚБ президенті Ақмарал Бекмұрзаева.
Іс-шараның негізгі міндеті – ауыл әйелдерін елдің саяси және қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тарту. Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская атап өткендей, праймеризді өткізіп, әйелдерге арналған квотаны енгізбес бұрын «AMANAT» партиясы талдау жүргізді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы әйелдер белсенділігі бойынша көшбасшылар қатарында.  width=
«Әйелдер қоғам өміріне аз қатысатыны айқын көрінген аймақтар болды. Әйелдер саяси өмірде шешім қабылдау деңгейінде белсенді емес аймақтар бүгінде әлеуметтік жәрдемақы алу бойынша көшбасшылар болып табылады. Бұл әйелдің көзқарасы мен ұстанымын айқындап, қандай ұрпақ өсетінін көрсетеді. Әрине, әйелдердің дамуы, олардың мәртебесі мен қоғам өміріне қатысуының артуы елдің дамуына және адами капиталдың артуына әсер етеді. Қоғамдық және мемлекеттік өмірде белсенді әйел дәл осындай аураны отбасына, балаларға және  тиісінше, келесі ұрпаққа жеткізеді. Кейінгі толқын өмірге деген басқа көзқарастармен өседі», – деп баса айтты Юлия Кучинская.
Айта кету керек, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында депутат әйелдердің үлесі 29% құрайды. Алдыңғы шақырылымдарда әйелдердің үлесі бес пайыз да болмағанын ескерсек, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бұл жағдай партияның 30 пайыздық квота туралы жаңашылдығының арқасында мүмкін болды, ол қазір тұрақты тәжірибе болып табылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Әсем Рахметова айтты.
«Солтүстік Қазақстан облысында «АMANAT» партиясынан ауылдық округ әкімдігіне ұсынылған кандидаттар 88 ауылдық округ пен Мамлют қаласында жеңіске жетті. Жеңімпаздардың 30%-дан астамы – әйелдер және 20 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Айта кетейік, бүкіл республика бойынша СҚО-да әйел әкімдер ең көп», – деді Әсем Рахметова.
Оның айтуынша, бүгінде облыстық партия ұйымы мүшелерінің 20 мыңнан астамы – әйелдер, бұл партия мүшелері жалпы санының 71 пайызын құрайды. Солтүстік Қазақстан облысындағы партия ішіндегі көптеген шешімді әйелдер қабылдайды. СҚО бойынша филиалдардың басшылық құрамы арасында негізгі үлес әйелдерге тиесілі. Мәселен, 15 аумақтық филиалдың 8-індегі басшылар – әйелдер. Бүгінде  «АMANAT» партиясы мемлекет пен қоғамды реформалау процесінде маңызды рөл атқарады. Гендерлік бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында партия жанынан Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. Өткен жылы өңірлік және аумақтық кеңестер 55 отырыс өткізді, онда 94 мәселе қаралды. Соның ішінде – өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы аналарға көмек көрсету, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру туралы мәселелер. Форумда Солтүстік Қазақстан облысының белсенді әйелдері де өз пікірлерімен бөлісті. Олардың арасында Тимирязев ауданының кәсіпкері Галина Воробьева бар.
«Мұнда жиналған барлық әйелдердің басын бір нәрсе ғана біріктіреді: біз отбасымыз үшін, балаларымыз үшін, олардың жақсы өмір сүруі үшін жұмыс істейміз. Бүгінде мемлекет бәріміз үшін ақша таппау мүмкін болмайтындай жағдай жасады. Жұмыс істегіңіз келмесе, 5 миллион теңге грант алыңыз да, бизнеспен айналысыңыз. Бізде осындай мысалдар бар. Мемлекеттің қолдауы орасан зор, тегін. Біз салық төлемейміз. Менің тәжірибем – 31 жыл. 1991 жылы мен ауданда алғашқы дүкен аштым. Қазір менде бірнеше бизнес бағыттары бар. Сіз не істесеңіз де, ең бастысы – балаларымыздың лайықты өмір сүруі және оқуы үшін ақша табу», – деп атап өтті Галина Воробьева.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар ауыл әйелдерін жұмыспен қамту мәселелерін талқылады, «Ауыл аманаты» жобасы және ауылдық аумақтарды дамыту үрдістері, әйелдер көшбасшылығын дамыту және қаржылық сауаттылық туралы әңгімелесті. Форум жұмысы әрқилы және барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.