Қытай елшілігіне барып көңіл айтты
Қытай елшілігіне барып көңіл айтты
1,507
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминнің қайтыс болуына байланысты Қытай халқына көңіл айтты. Мәулен Әшімбаев Қытайдың Қазақстандағы елшілігіне барып, Парламент Сенатының атынан көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол Цзян Цзэминь ҚХР-дың дамуына үлкен үлес қосқанын, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Цзян Цзэминнің қазасына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. Онда екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде Цзян Цзэминнің жарқын бейнесі халықтары­мыздың жадында мəңгі сақталатыны айтылған.