Абай облысында ата мен әже немересімен көшеде тоңып, көз жұмды

Абай облысында ата мен әже немересімен көшеде тоңып, көз жұмды

Абай ауданы Терістаңбалы ауылында қарт ерлі-зайыпты үш жасар немересімен көшеде суықтан тоңып, қаза тапты, - деп хабарлайды Abainews.kz. Басылым мәліметінше, баланың ата-анасы оны ата-әжесіне қалдырған, егде жастағы ерлі-зайыпты үш жасар немересімен қонаққа кеткен. Біраз уақыттан кейін олар үйіне қайтпақ болған.

"Өкінішке қарай, алдымен әйел құлап, бірден тоңып өлген, артынша күйеуі де солай қаза тапқан. Тұрғындардың айтуынша, 3 жасар бала көшеде тоңып, айғайлаған, бірақ оны да аман алып қала алмаған", - делінген хабарламада.

Жарма аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері бұл деректі растады. Кеше отбасын жерлеу рәсімі өтті.

Ведомство мәліметінше, күн суытқан сайын үсік шалу жағдайлары жиілеп кеткен. Мәселен, Абай ауданындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, облыста тоғыз адам қаза тапқан, оның алтауын Семейде үсік шалған. Сондай-ақ ауа  райына сай келмейтін киімнің кесірінен бір жасар сәби мен бес жасар бала үсік шалып, қаза тапқан.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.