Атап айтқанда, қазір қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр.
3 желтоқсандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-де жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.
Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.