Екібастұзда әлі жиырма шақты үйге жылу берілмеген. Бұл туралы облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтты.
«Таңертең қалада 28 тұрғын үй жылусыз отырғаны хабарланғанын білесіздер. Қазіргі таңда солардың тоғызына жылу берілді. Сонда енді 19 үй қалып отыр. Бұл бүгінгі жағдайда өте жақсы нәтиже», - деді әкімнің міндетін атқарушы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады.