Шымкентте жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды
Шымкентте жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды
362
оқылды
Шымкентте жанар-жағармай құю бекетінің кассасы тонаған ер адам ұсталды.
3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетін тұмшалаған адам қолындағы пышағымен және кастетімен жанар-жағармай құю бекетінің кассирін қорқытып, ондағы ақшаны тартып алып кеткен. Ер адам такси ұстап, оқиға орнынан ізін суытқан. Қолға алынған жедел шаралар барысында күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Otyrar.kz.⠀ Жанар-жағармай құю станциясын тонады деген күдікті Шымкент қалалық ПД Қаратал ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары қолға алынды. https://www.youtube.com/watch?v=lK6zLyy3J6k&feature=emb_title