Екібастұз жылу орталығы учаске басшысының мәйіті табылды  
Екібастұз жылу орталығы учаске басшысының мәйіті табылды  
Фото: Мейірбек Тәжқұранов
654
оқылды
Екібастұзда жылу таратуға жауапты басшының мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ҚазТАГ-тың мәліметінше, Қалалық жылу электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті өз көлігінен табылған.
«4 желтоқсан күні сағат 21.25-те ВАЗ-21099 көлігінен 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.Видлогтың мәйіті табылды», – делінген хабарламада.
Бұл дерекке қатысты Екібастұз қаласының ІІБ тергеу жүргізіп жатыр. Мәйітте зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін Екібастұздағы ЖЭО иесі Александр Клебанов «Осы ТЭЦ-тан бір тиын пайда көрген жоқпын» деген болатын.