Полицейлер гараждан мәйіті табылған Екібастұз ЖЭО учаске бастығы өлімінің ықтимал себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Tengrinews.kz-тің дерегінше, басшының мәйіті көліктен табылған.
Бұл факті Екібастұз Полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
«Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдан кейін болған. Сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданады», – деді полиция.
Сондай-ақ қызметкерлер полицияның ішкі құжаты әлеуметтік желіде қалай тарап кеткенін де анықтап жатыр.
«Полицияның ішкі құжатын тарату дерегі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр», – деді Екібастұз ПБ өкілі.