Атыраулық полицейлер 13 жастағы қыз баланы зорламақ болған педофилді ұстады
Атыраулық полицейлер 13 жастағы қыз баланы зорламақ болған педофилді ұстады
724
оқылды
Оқиға бүгін, яғни, 6 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Авангард ықшам ауданында тіркелді. 34 жастағы ер адам Reno Duster көлігін ұрлап кетіп, көп қабатты үйлердің ауласына жасырынған. Көлік ішіндегі 13 жастағы қыз баланы зорлауға оқталған.
"Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде, педофил қылмысқа оқталу кезінде ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 120 бап, 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова