Жаңа есімдерді жарқыратады
Жаңа есімдерді жарқыратады
314
оқылды
Алматыда «Еуразия» XVI халықаралық кино­фестивалі өтеді. Биыл бұл кинофестиваль екі байқауды қамтиды. Кинотуындылар соңғы 1 жылда Еуразия құрлығында түсірілген фильм және 2021-2022 жылдары шығарылған отандық толық­метражды фильмдер санаттары бойынша сынға түседі. Бұл фестиваль – еліміздегі ең ірі және беделді кинофорум, оны халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары Федерациясы аккредиттеген. Ұлыбри­тания­ның беделді International Film Guide басылымы «Еуразияны» әлемдегі жетекші 35 кинофестиваль тізіміне енгізді. Кино көрсетілімдері Kinopark 16 кинотеатрында (форум СОО) өтеді. Фестивальдың бағдарламалық дирек­торы, Қазақстан киносыншылар қауым­дас­тығының президенті Гүлнара Әбікеева­ның айтуынша, фестиваль өткізу дәстүрі қалыптасқан сәттен бастап, осы фести­вальда жарқырай көрінген қазақстандық кинематографистердің тұтас буыны қа­лыптасқан. Биылғы фестивальға отандық туындыларға арналған арнайы байқау енген. Сондай-ақ Work-In-Progress бағ­дарламасы аясында әне-міне экранға шы­ғатын отандық кинотуындылардың таныс­тырылымы өтеді. Фестиваль «Үздік фи­льм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Ерлер рөлін үздік орындау», «Әйел рөлін үздік орындау» аталымы бойынша үздіктерді анық­тайды. Сонымен қатар лайықты туын­дылар мен шығармашылық ұжымға қазылар алқасының арнайы сыйлығы табысталмақ.