Магистратураға 4 мың грант бөлінді
Магистратураға 4 мың грант бөлінді
518
оқылды
Магистратураға грант тағайындау конкур­сына қатысу үшін құжат қа­былдау басталды. Құжат қабылдау 12 жел­тоқ­санға дейін жоғары оқу орын­дарының қабылдау ко­мис­сия­лары, оның ішінде вир­туалды қабылдау комиссияла­ры арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 8 мыңнан астам адам магис­тра­тураға түсу үшін ем­тихан тап­сырды. Олардың 40 пайызға жуы­ғы шекті балл жинады. Ор­таша көрсеткіш – 69 балл. Ең жоғары балл – 127. Кешенді тестілеу өткізу ба­рысында 80 қатысушының нә­тижесі жойылды. Оның ішінде 32 оқуға түсуші смартфон, кө­мек­ші құралдар және басқа да тыйым са­лынған заттарды алып өтуге ты­рысқаны үшін тест тап­сыру мүмкіндігінен айырылды. Ке­шенді тестілеу кезінде ере­же­лер­ді бұзғаны үшін аудитория­дан 48 адам шығарылып, олар­дың нә­тижесі жойылды.
«Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағ­дар­ламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 15-25 желтоқсан аралығында өтеді. Магистратураға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады», – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Магистратураға білім беру гранты иегерлерінің тізімі Ұлт­тық тестілеу орталығының сай­тында және әлеуметтік желіле­р­де жарияланады.

Көркем ЕСІМ