Бір тәулікте 175 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, коронавирустан – 1 255 (КВИ+), пневмониядан – 192 (КВИ-), барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 6 адамның жағдайы ауыр;
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
Айта кетейік, күннен-күнге коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп келе жатыр.