Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды
Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   
«Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – деп жазылған Жарлықта.
Асайын   Байханов 1977 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Павлодар 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және  ProCredit Holding AG  неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды. Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған.  Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы кредит сарапшысы ретінді тағылымдамадан бастап, EBRD бағдарламасының Алматы қаласындағы бас офисінің жаңа банк өнімдерін енгізу бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. Осы аралықта Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстанда және шетелде ұйымдастырылған түрлі оқыту семинарлары мен көпдеңгейлі білім беру бағдарламаларынан өткен. 2003 жылдан 2007 жылға дейін  ProCredit Holding AG  неміс халықаралық банк холдингінде бірқатар басшылық лауазымда қызмет атқарған. Киев қаласындағы «ПроКредит Украина» ЖАО-ның атқарушы директоры болған. 2007 жылы А.Байханов Қазақстанға «Нұрбанк» АҚ Басқарма басшысы орынбасары қызметіне оралып, банктің филиалдық желісін кеңейту, аграрлық сала мен шағын және орта бизнесті несиелеу бағыттары бойынша жұмыс істеді. 2009-2015 жылдар аралығында жеке секторға ауысып, ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, Алматы және Алматы облысында логистика мен жүк тасымалы бойынша бірқатар нәтижелі бизнес-жобаны іске асырған. 2015-2020 жылдар «КазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ тобындағы «КазАгроӨнім» АҚ квазимемлекеттік компаниясының Басқарма басшысының орынбасары болды. Бұл аралықта ауыл шаруашылығындағы түрлі мемлекеттік бағдарламаларды өзгерту және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс топтарында жұмыс істеп, оларды басқарды. 2020 жылғы наурыздан бастап жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және спорт мәселелеріне жетекшілік етті. 2021 жылғы 19 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалған.