Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді 2024 жылға ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды
Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді 2024 жылға ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: qazkassa.kz
629
оқылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні Ақордада жарияланды.
"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы  1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын", – делінген құжатта.