Елордада 93 мың оқушы орнына арналған 45 мектеп салынды
Елордада 93 мың оқушы орнына арналған 45 мектеп салынды
267
оқылды
Астанада 93 мың оқушыға арналған 45 мектеп салынды (2 ауысымды). Оның 9-ы биылғы оқу жылында ашылады. 2019-2021 жылдар аралығында 36 оқу орны салынып, пайдалануға берілді. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында ірі габаритті 25 мектепті жобалау басталды. Бұл ірі габаритті мектептер 100 мың оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы 2023 жылы басталады. 2025 жылға дейін 120 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 44 мектеп салу жоспарланып отыр. Елордада мектеп салу үшін 158 жер учаскесі белгіленді. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне орай қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы жөнінде арнайы бағыт бекітілді. Мектептер мен өзге де маңызы зор әлеуметтік нысандар салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаятын болады.