Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz. Сарысу аудандық полиция бөліміне осы ауданның бірнеше тұрғыны сауықтыру лагерінің маңындағы өрісте жайылып жүрген сиырларының жоғалғаны туралы арызданған. Келтірілген шығын көлемі – 2 млн теңгеге жуық. Тұрғындар өрістегі малдарын жарты ай сайын барып, тексеріп тұратын болған. Кезекті рет тексеруге барған сәтінде жайылымнан сиырларын таппай қалған. Бірнеше күн өз күштерімен іздеп таба алмағандықтан, полиция бөліміне арызданды. Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар Сарысу ауданының 46 жастағы және 35 жастағы ұсталды. Сондай-ақ күдіктілердің қатысуымен болған 6 мал ұрлығы дерегі анықталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Жалпы, Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген республикалық (Мал ұрлығы) жедел алдын алу іс- шарасының нәтижесінде 12 қылмыс (өткен жылдан – 6 дерек) ашылып, төрт қылмыстық топ құрықталды.