Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.