Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
© baribar.kz
1,913
оқылды
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы болады және қар жауады. Тек еліміздің батыс, оңтүстік, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады», – дейді синоптиктер.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман түседі. Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 18-30 градустан 12-22-ге дейін, солтүстікте 17-30-дан 10-26-ға дейін, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін суық болады. Ал еліміздің шығысында 15-35 градустан 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте минус 30 градустан 7-20-ға дейін түседі. Оңтүстік-шығыста 12-25 градус аяз болуы мүмкін.