Қарағандыда «AMANAT CUP» турнирі өтті
Қарағандыда «AMANAT CUP» турнирі өтті
607
оқылды
Қарағанды облысында жастар арасында шағын футболдан «AMANAT CUP» турнирі өтті. Доп додасына 8 команда қатысты. «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейне жолдауында жаңа Қазақстан жастары үшін үш маңызды басымдықты атап өтті: білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. «Патриотизм» басымдығы шеңберінде «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» ЖҚ әуесқой командалармен жастар арасында шағын футболдан «AMANAT CUP» турнирін ұйымдастырды. Турнирге әртүрлі санаттағы, оның ішінде ауыл, жұмысшы, өзін-өзі қамтыған, өнерпаз жастардан құралған 8 команда қатысты. Аталмыш жоба жастарды әлеуметтендіру және салауатты өмір салтына тарту мақсатында 2019 жылдан бастап жүзеге асып келе жатыр. Жарыс қорытындысында I орын «Киік» командасына бұйырса, II орын – «Nikulin» командасының жігіттерінде,  III орында «Қызылжар» командасы. Ал турнирде Алтынтаң «Үздік қақпашы» атанса, Жақсылық Өмірбек – «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» болып Ержанат Дәуренұлы танылды. Жеңімпаздар кубокпен, медальмен, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. AMANAT CUP «Футбол ойнағанда ең бастысы - тәртіп – қарсыласқа деген құрмет. Бірыңғай жігіттер болғандықтан, оның үстіне жарыс болған соң эмоция билеп артық сөз айтып қалуы мүмкін немесе доптан емес аяқтан теуіп жіберіп ерегісіп те қалулары мүмкін. AMANAT CUP турнирінде ондай ыңғайсыздыққа жол бермеген қатысушыларға мың алғыс! Біздің де мақсатымыз жарыстырудан бұрын таныстыру мен достастыру еді. Жастар үшін жақсы алаң ұйымдастыра алдық деп ойлаймын. Себебі бұл турнирде ауыл, қала, өзін-өзі қамтыған, жұмысшы және өнерпаз жастар болды»,  – дейді «Жастар рухы» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов.