Оралда әйел адамды көлік қағып мерт қылды
Оралда әйел адамды көлік қағып мерт қылды
Коллаж: Azattyq Ruhy
3,915
оқылды
Оралда әйел адамды көлік қағып мерт қылды, – деп хабарлайды «Мой город» басылымы. Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 12 желтоқсанда «Белая  казарма» аялдамасына жақын жерде болған.
«Әйел адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқанда Volkswagen Sharan көлігі қағып кеткен. 55-60 шамасындағы әйел оқиға орнында қаза тапты», – делінген хабарламада.
Жергілікті ПД мәліметінше, көлік жүргізуші 1985 жылғы екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, аталған дерекке қатысты тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.