1 миллионнан астам отбасы баспаналы болады
1 миллионнан  астам отбасы баспаналы болады
Ауыл аумақтарын дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленуде. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, – деп хабарлады abai.kz. «2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 млн-нан астам отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Осы жылы 15 млн шаршы метрден астам, немесе 138 мың тұрғын үй салынуда. Апатты және тозығы жеткен үйлер бойынша қайта жаңарту бағдарламаларын іске асыру жұмыстары кеңейтіледі», – деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту үшін тиісті заң жобасы әзірленді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша заңнамалық актілерге түзетулер қабылданды. Агломерацияларды дамыту туралы заң жобасы қазір Сенаттың қарауында. Жаңа әкімшілік реформа аясында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша тиісті Жол картасы әзірленді. Әкімшілік реформа мәселелері жөніндегі заң жобалары Парламент Мәжілісіне наурыз айында енгізілетін болады. «Биыл 128 млрд теңге сомасына 576 ауылдық елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жалғасуда. Келесі жылы 663 ауылдық елді мекенде 140 млрд теңге сомасына 1,6 мың жобаны іске асыру жоспарланған. Ауыл аумақтарын дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленуде», – деді Әлихан Смайылов.