«Кедергісіз келешек» кедергісіз жүзеге асуы тиіс
«Кедергісіз келешек» кедергісіз жүзеге асуы тиіс
407
оқылды
«AMANAT» партиясы Алматы облысы Іле аудандық филиалындағы пар­тия­лық бақы­лау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты С.Жар­қынбеков жетекшілік ететін комиссия мүшелері және ау­дандық мәс­лихат депутаттары партияның Сайлауалды бағдар­ламасына ен­гізіл­ген жо­балардың, міндеттердің жүзеге асырылуын үнемі назарда ұстап ке­леді. Соның ішінде «Жол картасының» жә­не «Кедергісіз келешек» партиялық жо­басының белгіленген мерзімде, сапа­лы орындалуы тұрақты бақыланады. Мү­гедектігі бар жандардың қоғам өмірі­нен тысқары қалмауы, мемлекеттің игі­лігі мен қолдауын басқалармен бір­дей сезінуі күн тәртібінен түспек емес. Күні кеше жоғарыда айтылған ко­мис­сия мен аудандық мәслихат де­путттары партиялық бақылау аясында Боралдай кентіндегі ауылдық кітапхана мен Междуреченск ауылындағы Мә­де­ниет үйінің мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға қолжетімді болуы үшін жасалуға тиіс­ті жағдайды тексеріп көрді. Нақ­ты­рақ айтқанда, руханият орындарына мү­гедектердің кедергісіз кіріп-шығуы үшін баспалдақтардың пандустармен жаб­дықталуына қатысты жұмыстарды зер­деледі және дәл қазір аталған ны­сан­дар­дың мүмкіндігі шектеулі жандарға қол­жетімділігі белгіленген санитарлық нормаларға сай екенін анықтады. Ал Өтеген батыр ауылындағы ау­дан­дық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына мүмкіндігі шек­теулі жандарға қолжетімді болуы үшін пандус құрылысы салынып біткен, тек ша­қыру қоңырауын орнату сынды бір­қатар жұмыс алдағы аптада аяқталуға тиіс­ті болып шықты. Депутаттық фракция рейд кезінде анық­талған кейбір кемшін тұстарды өз оты­рысында қарап, тиісті шешімдер қа­­­былдау үшін жауапты органдарға сауал жолдайды.