Ішімдікке сылқия тойған әйел кішкентай баласын үйден қуып шықты – видео
Ішімдікке сылқия тойған әйел кішкентай баласын үйден қуып шықты – видео
Фото: yandex.kz
4,331
оқылды
Елімізде ішімдікке тәуелді әйелдер саны екі есеге өскен, – деп хабарлайды AstanaTV. AstanaTV-ның дерегінше, араққа сылқия тойған ананың жауапсыздығынан үлкен ұлы құлап, қолын шығарып алған. «Ауырып барады» деп шырылдаған баласына мән беруге шамасы жоқ әйел, бейкүнә баланы үйден қуып әлек. Елімізде мұндай жағдай жетерлік. Баласының болашағына алаңдап жатқан ана жоқ. Соңғы екі жылда ішімдікке әуес әйелдер саны артқан. Дәрігерлер бұрын келген науқастың 70%-ы ер адам болса, оның 30%-ы әйелдер екенін айтты. Қазір ішімдік ішетіндердің 60%-ы – ерлер, 40%-ы – әйелдер. Нарколог Тоқтар Қойшыбеков: «Ішетін қыз-келіншектердің саны 2,5, 2 есе жоғарылады. Сондықтан ол өте қауіпті. Неге десең, бұл мәселе көбінесе 28-30 жастағы қыз-келіншек көп. Олар ұрпақ әкелетін жаста. Ол ұрпақ қандай болады? Қазақстан бойынша есепте 100 мыңдай адам бар", – дейді. Психолог Анаргүл Ибрайымбекованың айтуынша, әйелдердің ішімдікке тәуелділіктен құтылуы ерлерге қарағанда әлдеқайда қиын. Олармен кемінде жарты жыл жұмыс істеу керек. Оның өзінде шын ынтасы болса ғана жазыла алады.
«Ол клиентпен өте көп жұмыс істедік. Жарты жыл, оның өзі аз. Бірақ клиенттің өзінің ынтасы арқылы жарты жылда жұмыс жеткілікті болды. Егер де іштей ынтасы болмаса, ол қандай препараттармен емделсе де, қандай психологиялық техникалармен емделсе де ешқандай көмегі болмайды», – дейді психолог.
https://youtu.be/1UaEf-3N7PY Бұған дейін Қостанайда баласын өлтірген әйел 11 жылдан кейін кінәсін мойындағанын жазған болатынбыз.