«Көрінбейтін» дене жасаудың құпиясы ашылды
«Көрінбейтін» дене жасаудың құпиясы ашылды
Оптикалық көрінбеу формуласы жасалып, сынақтан өткізілді. Бұл үшін металдан жасалған материалдарды немесе объектілерді толық жасыратын диэлектрлік орта пайдаланылды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
1,704
оқылды

Түрік және ресейлік ғалымдар өзге де шетелдік әріптестерімен бірге оптикалық көрінбеу формуласын жасап, сынақтан өткізді. Олар металдан жасалған материалдарды немесе объектілерді толық жасыратын диэлектрлік ортаны пайдаланған. РИА Новости агенттігінің материалына сілтеме жасап, Aikyn.kz заттарға көрінбейтін әсер берудің ғылыми түсіндірмесін зерделеп көрді.

[caption id="attachment_231997" align="aligncenter" width="1807"] width= Объекті адам көзіне көрінбеу үшін оған түсетін электромагниттік толқын объект арқылы өткеннен кейін де өзінің амплитудасы мен фазасын сақтау керек. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Nanomaterials журналында жарияланған мақалада ең қызықты және жұмбақ оптикалық құбылыстардың бірі – «көрінбеу» эффектісі туралы жазылған.

Қарапайым тілмен айтқанда, объектіні адам көзіне көрінбейтіндей ету үшін оған түсетін электромагниттік толқын объект арқылы өткеннен кейін де өзінің физикалық қасиеттерін (амплитудасы мен фазасын) сақтау керектігін білдіреді. Жалпы алғанда мұның өзі мүмкін емес нәрсе. Өйткені, дифракция, рефракция және толқын шашырауы денеге түскен толқынның қасиеттерін өзгертеді.

Ал, электромагниттік «көрінбеуді» жүзеге асыру үшін нысанның «көрінбейтін» деп болжанатын көлеңке бөлігінің артындағы өрісті оған түскен бастапқы толқынға ұқсас жасау қажет. Бұл саладағы алғашқы жұмыстарды 15 жыл бұрын Ульф Леонхардт пен Джон Брайан Пендри жасады. Жаңа бағыт трансформациялық оптика деп аталды. Содан бері ғалымдар «көрінбейтін» оптикалық материалдар мен беттерді жасау үшін көптеген физикалық тұжырымдама ұсынды.

[caption id="attachment_231998" align="aligncenter" width="1807"]Picture3 Электромагниттік «көрінбеуді» жүзеге асыру үшін дененің «көрінбейтін» көлеңке бөлігінің артындағы өрісті оған түскен бастапқы толқынға ұқсас жасау қажет. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Томск политехникалық университетінің Инженерлік мектебінің электрондық инженерия кафедрасының профессоры Игорь Минин өздерінің зерттеулерін былай бағалайды:

«Профессор Хамза Курт (Корея Республикасы) және оның шәкірті Мейірбек Турдыевтің (Қырғызстан) жетекшілігімен басталған зерттеуде біз элементар топтамадан нысанды қоршап тұрған ерекше, толық диэлектрлік құрылымды жобалауға негізделген тәсілді зерттедік. Ұяшықтардың өлшемі толқын ұзындығынан айтарлықтай аз болды. Мұндай құрылымның параметрлері оның көлеңке бөлігіндегі өріс іс жүзінде денеге түсетін өріспен сәйкес келетіндей етіп таңдалды. Яғни, электромагниттік толқын жасырын металды «көрмейтіндей таңдалды».

Арнайы жасалған «жамылғы» полилактидтен (PLA) жасалды, ол – диэлектрлік өтімділігі төмен биологиялық ыдырайтын термопластикалық полимер. Бұл диэлектрлік материал 3D аддитивті басып шығару технологиясында кеңінен қолданылады.

[caption id="attachment_231999" align="aligncenter" width="1508"]Picture4 Ұсынылған схеманың артықшылығы мен жаңалығы – диэлектрлік материалдарды пайдалануға негізделген. Осылайша, әртүрлі материалдарды электромагниттік «жасыруға» болады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

«Ұсынылып отырған схеманың артықшылығы мен жаңалығы – табиғатта кездеспейтін жасанды материалдарды қолдануды қажет ететін трансформациялық оптика әдістерінен өзгеше. Біз кеңінен қолданылатын диэлектрлік материалдарды пайдалануға негізделген. Бұл тәсілді пайдалана отырып, денені, материалды әртүрлі бағыттағы электромагниттік «жасырынуды» қамтамасыз етуге болады», – деп түсіндіреді профессор Минин.

Зерттеулер үш өлшемді Максвелл теңдеулерін шешу арқылы модельдеу негізінде жүзеге асырылды, содан кейін масштабтау эффектісін қолданып, олар микротолқынды диапазонда эксперименталды түрде расталды.

Ғалымдар жұмыстың іргелі сипатына қарамастан, қарастырылатын әсерлер өріс бұрмалануын тудырмайтын және өлшеу нәтижесіне әсер етпейтін әртүрлі сенсорларды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін айтады. Ғылыми топтың алдағы міндеті – әдістің мүмкіндіктерін өсіру және оның сипаттамаларын оңтайландыру.