"Әйеліне хат жазып қалдырған": Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
"Әйеліне хат жазып қалдырған": Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
© esquire.kz
4,129
оқылды
11 желтоқсан күні сағат 19:45 шамасында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама түсті, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Онда өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.
«Тексеру барысында Б. есімді азамат жіберген аудиожазба белгілі болды. Ол жұбайы Д-ға өзіне қол жұмсайтынын және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан. Бұл оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған және ерлі-зайыптылар ажырасқалы жатқан. Екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған», – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеміз. Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.