Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды
Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды
275
оқылды
Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері өңірдегі ҰҚКД мамандарымен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады. Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар газ тапаншасы, Ф-1 екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патроны бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласы ПБ-ға тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.